Синоптиктер қай өңірлерге құрғақшылық төніп тұрғанын айтты

Синоптиктер қай өңірлерге құрғақшылық төніп тұрғанын айтты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде құрғақшылық болатынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК 2025 жылғы шілдеге арналған құрғақшылыққа байланысты болжамды жариялады. Жауын-шашын күтілмейтін өңірлер тізімінде 13 облыс қамтылған.  

Синоптиктер ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашынның жетіспеушілігі еліміздің жеке аймақтарында құрғақшылық жағдайларының күшеюіне ықпал ететінін ескертеді. 

2025 жылдың шілде айында бірқалыпты құрғақшылық жағдайлары мына елдімекендерде күтіледі:

  • Батыс Қазақстан облысында Жәнібек және Казталов аудандарында;
  • Ақтөбе облысында Шалқар және Мұғалжар аудандарында;
  • Атырау облысында Индербор ауданында;
  • Маңғыстау облысында Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
  • Қостанай облысында Амангелді, Жангелді аудандарында;
  • Қарағанды облысында Ақтоғай және Шет аудандарында;
  • Ұлытау облысында Ұлытау ауданында;
  • Абай облысында Аягөз және Үржар аудандарында;
  • Алматы облысында Балқаш, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында;
  • Жетісу облысында Алакөл, Қаратал аудандарында және ішінара Панфилов ауданында таулы жерлерден басқасы;
  • Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының басым бөлігінде.

Синоптиктер сөзінше, еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жуық болады деп күтіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget