- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер ертең кей...
Синоптиктер ертең кей өңірде нөсер жаңбыр жауып, көктайғақ болатынын болжады
Синоптиктер ертең елдің басым бөлігінде тұман түсіп, нөсер жаңбыр жауатынын және көктайғақ болатынын болжады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың шығыс жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде туман күтіледі. Жел солтүстіктен – солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 17-22 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының шығысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, Үржар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, 12 қазанда түнде таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 11 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, 12 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 11-12 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 11-12 қазанда облыстың солтүстік-батысында төтенше, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Шымкентте таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан