Синоптиктер ертең, 30 шілдеде еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматыда күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Атырау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 30 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады.
Түркістан облысының тауында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с.
Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз 30, тәулік бойы 31 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 31 шілдеде облыстың солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. 30-31 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!