"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 19 қазанда елдің кей өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 17-22 метрге жетеді.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының орталығында, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысының батысында найзағай, дауыл. Жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, батысында күші 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының орталығында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні - 15-20 м/с.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!