- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер еліміздің басым...
Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 4 маусымда еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупы күтіледі04 маусымда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі, солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қауіпі, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облысының батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Астанада күндіз найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан