- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер елдің басым...
Синоптиктер елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел соғатынын болжады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 23 мамырда елдің 16 өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 метр деңгейінде сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстік-батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 метр болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 метр болады.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15 метр болады.
Жамбыл облысының түнде таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 метр болады.
Абай облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 метр болады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші найзағай кезінде 18 метр болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы жән тау бөктерлі аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, тау және тау бөктерлі аудандарында таңертең және күндіз күші 15-20, екпіні 23 метрге жетеді.
Шымкентте найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метр болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыс желі найзағай кезінде екпіні 18-23 метр болады.
Алматыда 23 мамырда күндіз найзағай күтіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан