- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер демалыстағы ауа...
Синоптиктер демалыстағы ауа райына байланысты ескерту жасады
Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
27 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұманды болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады облыстың орталығында, оңтүстігінде 15-20, түнде екпіні секундына 23-28 метр. Өскеменде түнде қатты аяз 33-35 градус болады.
Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні секундына 23-28 метр. Түнде қатты аяз 30-35 градус. Семейде 27 қарашада түнде қатты аяз 33-35 градус.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр.
27 қарашада Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады секундына 15-20 метр.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде облыстың орталығында екпіні секундына 23 метр. Ақтауда шығыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-18 метр.
Алматы облысының солтүстігінде, шығысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында жолдарда көктайғақ, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Алматы мен Қонаевта жолдарда көктайғақ болады.
27 қарашада Жетісу облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман, көктайғақ болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек