- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер демалыс күндері...
Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтып берді
Синоптиктер 2015 жылғы 18-20 шілдеге арналған ауа-райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
"Еуропалық Ресейдің солтүстік-батыс аудандарынан ауысатын атмосфералық фронттар республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстары арқылы кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, екпінді жел және күндіз температураның 23-31 градусқа, орталықта 27-35 градусқа дейін төмендеуіне әкеп соғады".
Сонымен қатар, осындай температураның осы кезеңге орташа климаттық мән шамасында және одан 1-3 градусқа төмен болатыны хабарланып отыр. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында жексенбі және дүйсенбі күндері өткінші жаңбыр жауатындығына қарамастан, бұрынғыдай өте ыстық, максималды температура 35-45 градусқа, шығыста 33-38 градусқа, кей жерлерде 42 градусқа дейін жетеді. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш нормадан 5-8 градусқа жоғары.
М. Бисембаева