Қазгидромет 9, 10, 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері республиканың басым бөлігіне батыс циклоны мен атмосфералық фронттар әсер етеді. Кейбір өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, 9-10 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9-11 қыркүйекте шығыста, 10-11 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысы мен орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел соғады.
Республиканың көптеген аумағында жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз