Синоптиктер ертең, 13 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болатынын, тұман түсіп, екпіні күшті жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Алматыда қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 15-16 қаңтарда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 17-22 м/с.
Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысында оңтүстік-батыстан, жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 15 қаңтарда оңтүстік-батыстан, жел соғады, түнде 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 15 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Семей қ.: 15 қаңтарда түнде жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 15 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 15 қаңтарда жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз сақталады. Ақтау қ.: 15 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 15 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!