Синоптиктер бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау және Өскемен қалаларында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті", - делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!