- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ауа райы
Синоптиктер бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Фото:
Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"14 наурызда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Шымкент, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова