Синоптиктер бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, 3 қалада ауа сапасы нашарлайды. Синоптиктер өңірлердегі ауа сапасына болжам жариялады.

24 тамызда Алматы, Ақтөбе және түнде Атырау қаласында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!