Синоптиктер бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Ақтөбе, Орал және Атырау тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"7 шілдеде Ақтөбе, Орал және түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз