Синоптиктер барлық дерлік өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер барлық дерлік өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: Tengrinews.kz

Синоптиктер Қазақстанның барлық дерлік өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, облыстың басым бөлігінде екпіні 23-28, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 

Алматы облыстың таулы аудандарында кей уақытта катты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с. 

Астанада жая бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда мұзтайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың орталығында тұман, түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. 

Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 27-29 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. 
 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан