- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер аяз, найзағай...
Синоптиктер аяз, найзағай және өрт қаупі туралы ескерту жасады
7 мамырда Астанада және еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктер елдің солтүстігі мен орталығында аяз, найзағай және қатты жел болуы мүмкін екенін ескертті, оңтүстікте өрт қаупі бар. Алматы облысында қар көшкіні қаупі бар.
Атырау облысы - жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысы - найзағай күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы - найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысы - найзағай күтіледі. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы - найзағай күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 07 мамырда күндіз найзағай күтіледі.
Қызылорда облысы - найзағай күтіледі. 07 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы - қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Ақтау қ.: 07 мамырда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.
Ақтөбе облысы - тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысы - жоғары өрт қаупі күтіледі.
Абай облысы - 3 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қостанай облысы - найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы - 3 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Астана қаласы - найзағай күтіледі.
Павлодар облысы - 2 градус үсіқ күтіледі. Павлодар қ.: 07 мамырда түнде топырақтың бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
А. Жапатова