Синоптиктер 19 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
19 тамызда Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстын шығысында екпіні секундына 15-20 метр. 19 тамызда Жетісу облысының батысында жоғарғы өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 19 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 19 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 19 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 19-20 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетауда 19 тамызда күннің аяғында найзағай күтіледі. 19-20 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 19-21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 37 градус қатты ыстық сақталады. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбеде 19 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метр күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 19 тамызда күндіз найзағай күтіледі. 19 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 19-21 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 19-21 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. 19 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанайда 19 тамызда кешке найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 19 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. 19 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр күтіледі. 19-21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 19-21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!