"Қазгидромет" Астана мен тағы үш қала тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылы 18 қыркүйекте Петропавл, Өскемен, Риддер қалаларында түнде – Астанада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Синоптиктер сондай-ақ Қазақстан аумағы бойынша 18 қыркүйекке арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.
"Кең антициклон ҚР көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі", - дейді метеорологтар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз