Дүйсенбі, 16 қарашада Астанада ауа райы нашарлайды. "Қазгидромет" елорда тұрғындары мен қонақтарына ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түнде қала жолдарында көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар, синоптиктер түнде және таңертең тұман түсетінін болжайды.
Сондай-ақ, ертең күн ала бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр.
Түнде температура 3-5 градус аяз, күндіз термометр бағандары 0-2 градусқа дейін көтеріледі.
Бүгін елордада күн бұлтты, кейде аздап қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Күндізгі температура минус 1-ден плюс 1 градусқа дейін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz