Синоптиктер Астана тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер Астана тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"13 наурызда Өскемен, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында  қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова