- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер алты өңірде...
Синоптиктер алты өңірде қатты ыстық болатынын ескертті
Қазгидромет өкілдері алты өңірде аптап ыстық болатынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктер Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының 19 маусымға болжамын ұсынды.
"Солтүстікте, орталықта, оңтүстік-батыста антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. ҚР аумағының қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер өз ықпалын сақтап қалады - найзағаймен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, батыста, оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді деп күтіліп отыр", - делінген хабарламада.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында ауа райы тұрақты болса, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты жылу күтіледі.
Маңғыстау облысында, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина