"Қазгидромет" синоптиктері Алматы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2025 жылғы 24 қаңтарда Алматыда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
24 қаңтарда Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кейде тұман түседі. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 2-7 метр болады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 10-12 градус аяз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лес