• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

"Қазгидромет" синоптиктері Алматы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"17 қаңтарда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалада ластаушы заттар жиналуына ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget