Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

"Қазгидромет" мамандары Алматы тұрғындарын ескертеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2024 жылы 13 қыркүйекте Алматы, Ақтөбе қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Сондай-ақ синоптиктер 13 қыркүйек күні Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

"Баяу жылжитын антициклон ҚР барлық аумағында жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр жауады, шығыста найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі", – деді метеорологтар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә