"Қазгидромет" синоптиктері Алматы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"17 желтоқсанда Алматыда ауа ластанып, метеорологиялық жағдай қолайсыз болады", - делінген хабарламада.
Қолайсыз ауа райы - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, екпіні аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Олар ауаның жер қабатында зиян ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Бұған дейін синоптиктер ауа райы болжамын ұсынған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз