"Қазгидромет" Алматы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылғы 15 қарашада Алматыда ауаның ластанып, метеорологиялық жағдай қолайсыз болады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 15 қарашада Алматыда көшпелі бұлт болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Қолайсыз ауа райы - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, екпіні аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Олар ауаның жер қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Бұған дейін синоптиктер қарашада бір ай бойы қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтілетінін болжаған еді.
Аязды ауа райы айдың екінші жартысында болжанады. Суық ауа массалары енген кезде термометрлердің бағандары ең суық күндерде төмендейтіні айтылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!