• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Синоптиктер Алматы мен тағы үш қала тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер Алматы мен тағы үш қала тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

"Қазгидромет" синоптиктері Алматы мен еліміздің әр өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2025 жылғы 2 ақпанда Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 1, 2, 3 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget