Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы әлі де антициклонның ықпалында болады, негізінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысында, шығысында, солтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Еліміздің оңтүстігі мен батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Ауа температурасы еліміздің солтүстігінде түнде 23-31 аязға дейін, күндіз 15-28 аязға дейін, орталықта түнде 18-33-ке дейін, күндіз 13-23 аязға дейін, шығыста түнде 25-34 аязға дейін, күндіз 20-30 аязға дейін, ал еліміздің батысында түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күрт өзгерістер күтілмейді, түнгі ауа температурасы 2-15 аяз, күндіз 7 аяз - 3 жылыға дейін аздаған жоғарылайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!