Синоптиктер алдағы күндері қай өңірлерде ыстық болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазгидромет мамандарының сөзінше, алдағы күндері елдің батысында аптап болады. Алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады.
Жаңбыр найзағаймен және екпінді жел соғып, жауады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ жауады деп күтіліп отыр. 13-15 маусымда шығыста және орталықта, 14 маусымда елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр қатты жабады.
Күндізгі температура елдің батысында +33+40°С, солтүстігінде, елдің орталығында +20+28-ден +25+30 °С-қа дейін, оңтүстігінде +27+35-тен +30+40-қа дейін, оңтүстік-шығысында +22+30° - қа дейін көтеріледіС +25+35°С дейін, ал шығыста +22+30°С-тан +20+28°С-қа дейін шамалы төмендеу болжанады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз