Синоптиктер алдағы күндері қай өңірде ауа райы күрт суитынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аптаның басында елдің батыс және солтүстік аймақтарында циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр және қар жауады.
6 желтоқсанда елдің солтүстігінде қалың қар қар жауып, көктайғақ, боран болады деп болжанып отыр. Тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болады.
7 желтоқсанда антициклонның солтүстік-батыс суық келіп, бүкіл республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі: түнде елдің батысында, орталығында және шығысында 10-18 аязға дейін, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 25-33 аязға дейін, оңтүстігінде 5-13 аязға дейін. Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп күтіліп отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!