- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер алдағы демалыста...
Синоптиктер алдағы демалыста ауа райының қандай болатынын айтты
Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райының қандай болатынын айтты. "Қазгидромет" кәсіпорны 12-14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жария етті.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің ауа райына атлантикалық циклондар ықпал етіп жатыр. Өткен тәуліктерде республикамызда ауа температурасы климаттық нормадан 1-5 градусқа, солтүстік және шығыста 6-13 градусқа жоғары болды. Ал демалыс күндері Қазақстанның ауа райы Шығыс Еуропадан келетін антициклонға байланысты өзгереді.
"Антициклонға байланысты республикамыздың басым бөлігінде күн ашық болады, тек сенбі күні солтүстік, орталық және шығыс аудандарында аздап қар жауады. Ауа температурасы төмендейді, дегенмен климаттық нормадан 2-5 градусқа жоғары болады", − деп хабарлады метеорологтар.
Дереккөз: Tengrinews.kz
С. Ерсін