Синоптиктер алдағы демалыс күндерінің ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметінше, Еуропалық Ресейдің солтүстік аудандарынан Қазақстанға ауысатын суық атмосфералық фронттар апта соңында республиканың барлық дерлік аумағына найзағайлы жаңбыр мен екпінді желді алып келеді.
"Батыс және солтүстік облыстарда күндізгі температура 20-28 градусқа дейін төмендейді. Қалған аумақта ыстық ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктердің маусым айының ауа райына болжам жасағаны хабарланған болатын. "Айдың ортасында және үшінші онкүндіктің басында күн салқындайды", - деп мәлімдеді мамандар.