- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер алдағы демалыс...
Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа қандай болатынын айтты
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр, найзағай сақталады, ал республиканың батыс және оңтүстік аймақтарына Еуропаның аудандарынан антициклон жотасының біртіндеп енуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
Еліміздің батысында күндіз ауа температурасының +41°С дейін, оңтүстік-батыста +40+45°С дейін жоғарылайды, қалған аумақтарда күрт өзгерістер күтілмейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина