Синоптиктер 8 қаланың тұрғындарына шұғыл ескерту жасады

"Қазгидромет" Алматы мен Астана және тағы алты қаланың тұрғындарына ескерту жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2024 жылғы 4 қазанда түнде Петропавл қаласында және Павлодар, Өскемен, Семей, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!