Синоптиктер 6 наурызда төрт өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер 6 наурызда төрт өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: Tengrinews.kz

Синоптиктер елдің төрт өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталықта тұман түседі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20, кей уақыттарда 25 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының шығысында, орталығында тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан