- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер 21 қарашада...
Синоптиктер 21 қарашада елдің басым бөлігінде екпіні күшті жел соғып, тұман түсетінін болжады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 қарашада елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде екпіні 18-23, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігнде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, батысында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23 м/с сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, Мұғалжар ауданында екпіні 23-28 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батыс жартысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан