Синоптиктер 17 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер 17 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" жексенбі, 17 мамырға арналған еліміздің қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның оңтүстігінде 37 градусқа дейін аптап күтіледі, батысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Елдің солтүстігі мен шығысында күн айтарлықтай салқын болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана - аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.

Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 33-35 градус жылы.

Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 35-37 градус жылы.

Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.

Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.

Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 32-34 градус жылы.

Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.

Ақтау - көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.

Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, екпіні 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 32-34 градус жылы.

Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.

Ақтөбе - аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12, күндіз екпіні 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.

Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.

Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.

Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы.

Көкшетау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 11-13 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Петропавл - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.

Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.

Семей - көшпелі бұлтты, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.

Өскемен - көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget