- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер 16 өңірде...
Синоптиктер 16 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
"Қазгидромет" синоптиктері 16 өңірде найзағай ойнап, жел соғатынын және бұршақ жауатынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
24-25 мамырда Қарағанды облысының шығысында және Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Шымкентте күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с-қа жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі бар.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыс желі найзағай кезінде екпіні - 18-23 м/с.
Алматыда кей уақытта найзағай, найзағай кезінде желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан