- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер 15 тамызда...
Синоптиктер 15 тамызда еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 15 тамызда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астанада таңертең және күндіз найзағай, күндіз бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында 42 градус қатты ыстық күтіледі.
Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 15 тамызда күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. 15-16 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматыда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан