"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 25 қарашада республиканың 14 өңірінде қолайсыз ауа арайына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, күндіз солтүстік жартысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20м/с.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады облыстың батысында, солтүстік-шығысында 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с.
Астанада түнде және таңертең тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!