- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Синоптиктер 14 өңірде...
Синоптиктер 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 4 қыркүйекте еліміздің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақыттарда найзағай ойнап, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысында төтенше өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік болады.
Абай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қаупі бар.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Астанада күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан