Синоптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: Tengrinews.kz

Синоптиктердің болжамынша, ертең, 10 желтоқсанда еліміздің 12 өңірінде ауа райы қолайсыз болады: кей облыста тұман түссе, енді бір өңірлерде бұрқасын мен екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының солтүстік бөлігінде тұман, жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының шығысында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, шығысында екпіні 23 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан