Синоптиктер 10 тамызға дейін ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
8-10 тамыз аралығында еліміздің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағай, қатты жел, бұршақ жауады, ең қарқынды жаңбыр 8-9 тамызда батыста, 8-10 тамызда солтүстік - батыста, солтүстікте, 9-10 тамызда орталықта, 10 тамызда шығыста күтіледі.
Қазақстан бойынша жел күшейеді.
Еліміздің оңтүстігінде күндізгі уақытта +38+45°С өте қатты ыстық, ал республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы +15+22°С дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!