Синоптиктер 1 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.
"Республика аумағының басым бөлігінде атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды. Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасынан ауа райы жауын-шашынсыз болады", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, облыстың орталығында жаяу бұрқасын болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!