Синдзо Абэ: "Астананы жапондық сәулетшінің жобалағанын ерекше мақтаныш тұтамын"

Синдзо Абэ: "Астананы жапондық сәулетшінің жобалағанын ерекше мақтаныш тұтамын"
Фото: kazinform

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Қазақстан астанасын жапондық сәулетші Кисе Курокаваның жобалағанын ерекше мақтаныш тұтады. Ол мұндай пікірді Астанада өткен Қазақстан-Жапония бизнес форумы барысында мәлімдеді.

«Мен кеше кешкісін түнгі Астананың әсемдігіне ұшақтың бортында отырып сүйсіндім, елорданың қала құрылыс жоспарына жапондық сәулетші Кисе Курокаваның қосқан үлесі зор екенін ойлағанда, ол үшін менің кеудемді мақтаныш кернеді. Курокава Астананың халықаралық әуежайын да жобалаған. Мен онда Қазақстан мен Жапонияның сұлулық сезімдері үйлесімді түрде шоғырланған деп ойлаймын», — деді Жапония Премьері форум барысында.

Бұдан бөлек мәртебелі мейман Қазақстанның өнеркәсіпті сараландыру мен шағын бизнесті дамытуға бағытталған саясатын да, жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларын да оң бағалады. 

Дереккөз: kazinform

С. Ерсін