Желіде "Симпсондар" мультфильмі "Титан" батискафы апатын болжағаны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Factcheck.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылғы 18 маусымда "Титаник" лайнерінің бөліктерін көру үшін OceanGate компаниясының "Титан" батискофымен Атлант мұхитының астына түскен бес жолаушы іс-түзсіз жоғалып кетті. Төрт күннен соң, 22 маусымда "Титанның" бөліктері табылды.
Іздеу жұмысы жүріп жатқанда TikTok-та "Симпсондар" анимация сериалының үзіндісі бейнеленген видео тарады. Онда шоу авторлары "Титан" апатын болжаған делінген. Видео 11 миллион қаралым жинады. Дәл осыған ұқсас мәлімдеме Facebook, Twitter, YouTube және Reddit-те тарады. Ал болжам туралы жаңалық бірқатар шетел және қазақстандық медиада жарияланды.
Snopes фактчекерлері бұл ақпаратты тексеріп көрді.
"Симпсондар" сериалының "Гомердің шынайы әкесі" деп аталатын эпизоды мен жоғалып кеткен "Титан" батискафы арасында бірқатар айырмашылық бар. Біріншіден, мультфильм эпизодында Титаник және OceanGate компаниясы туралы айтылмайды. Екіншіден, шоудың бірде-бір кейіпкері жоғалып кетпейді. Мультфильмде бас кейіпкер Гомер Симпсон су асты қайығында жалғыз болған. Оған қоса ол OceanGate рейсінің жолаушылары сияқты су астына түсу үшін ақша төлемеген.
Ал "шоу авторлары болжады" деген ақпараттың тарауына жақында болған апат пен мультсериалдағы бірнеше ұқсастық себеп болуы мүмкін. Телешоудың 24 жылында 750-ге жуық эпизод жарық көрді. Адамдар анимация сериалының түрлі үзіндісін, сахналарын қосып, қазіргі оқиғалармен байланыстыруы мүмкін.
Видеомен бірге "анимация сериалының авторы Мэтт Гронин жоғалған су асты қайық бортында болды" деген мәлімдеме тарап жүр. Алайда бұл жалған ақпарат. Шын мәнінде, онда бес адам болған. Олар: OceanGate компаниясының бас директоры әрі су асты қайығының ұшқышы Стоктон Раш, су асты батискафының ұшқышы, дайвер Пол-Анри Наржоле, британ кәсіпкері және ғарыш турисі Хамиш Хардиң, британи-пәкістандық кәсіпкер, Dawood Hercules корпорациясының басшысы Шахзада Дауд және Шахзада Даудтың ұлы Сулейман Дауд.
Алайда "Симпсондар" сериалының шоураннері Майк Рейсс OceanGate арқылы төрт рет су астына түскен, оның бірінде "Титаник" бөліктерін көріп қайтқан. Дегенмен ол 2023 жылғы маусымда жоғалып кеткен су асты қайығында болмаған.
Мұнда әңгіме "Симпсондар" анимация сериалының 17-мауысымындағы 10-шығарылымы туралы. Ол 2006 жылы экранға шықты. Сюжет желісі бойынша, бас кейіпкер Гомер Симпсон су асты қайығы арқылы "Писо Мохадо" деген әйгілі зүбаржатты таппақ болады. Алайда ол су астында қалып қояды да, оттегісі біте бастайды. Ес-түссіз жатқан кейіпкер үш күннен соң ауруханады оянады.
"Симпсондардың" болжам жасаған кезі өте аз. Оның көбі - жай ғана кездейсоқ нәрсе. Эпизодтардың ескі екені соншалық, оқиғалар қайталанып жатыр. Эпизодтың басым бөлігі 60, 70, 80 жылдардағы біз білетін оқиғаларға негізделген", - деді бұрынғы шоураннер және "Симспондардың" бас сценарийсі Билл Окли The Hollywood Reporter-ге берген сұхбатында.
Демек, Желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Еске салайық, бұған дейін "Титан" аппараты Атлант мұхитының солтүстік бөлігіндегі "Титаник" апаты орнына 18 маусымда аттанғаны хабарланған еді. Ал 19 маусымда экипажбен байланыс үзілген.
Қайғылы бортта батискафты салған Стоктон Раш, француз флотының ардагері Пол-Анри Наргеоле, ұлыбританиялық миллиардер Хамиш Хардинг және пәкістандық кәсіпкер Шахзада Дауд пен оның 19 жастағы ұлы Сүлейман болды.
22 маусымда АҚШ жағалау күзетінің контр-адмиралы Джон Могер бортта болғандардың бәрі қаза тапқанын мәлімдеді. 29 маусымда "Титан" батискафы сынықтары арасынан адамның дене мүшелері табылған болуы мүмкін екені айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!