Сигналды естімеген: Павлодарда трамвай әйелді сырып өтті

Павлодарда трамвай әйелді сырып өтті. Ол ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қаңтарда сағат 09:51-де трамвай 37 жастағы әйелді сырып өткен. Оның бел-сегізкөз омыртқасы жарақаттанды. 

Жедел жәрдем бригадасы әйелді қалалық №1 ауруханаға жеткізді.

Зардап шеккен әйелдің айтуынша, ол жұмыстан шығып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда трамвай сигналдарын естімеген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!