Си Цзиньпин Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келеді

Си Цзиньпин Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келеді
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді", – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесу өтеді. Онда Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар, 17 маусымда Астанада Орталық Азия елдері басшыларының қатысуымен "Орталық Азия – Қытай" екінші саммиті өтетіні атап өтілді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget