Қытай Халық Республикасы төрағасы Си Цзиньпин Қытай Халық-азаттық армиясын "шынайы ұрыс қимылдарына қатысу дайындығына көңіл бөлуге" шақырды. "Синьхуа" агенттігі мәліметінше, мемлекет басшысы осындай тапсырманы Бейжіңде өтіп жатқан ұлттық қорғаныс және әскери реформа жөніндегі конференцияға қатысушыларға жолдаған, - деп хабарлайды EADaily.
"Реформалардың сәтті тәжірибесін саналы түрде жинақтау және қолдану, жаңа жағдайды және міндет талаптарын меңгеру, соғыс дайындығына назар аудару керек, сонымен қатар, зерттеуге және жаңашылдыққа батыл болу қажет", - деді Қытай басшысы.
Ол, сондай-ақ, армияны реформалау мақсаттарына жету жоспарын қатаң ұстануды тапсырды.
Конференцияға ҚХР Орталық әскери кеңесінің, Халықтық қарулы милицияның және әскери оқу орындарының жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ, ҚКП ОК Саяси бюросының мүшелері қатысты.
Си Цзиньпин бұл бұйрығы Тайвань төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуі аясында айтты. Бұған дейін Бейжің өз мемлекетінің егемендігін қорғау үшін "барлық қажет шараларды қабылдауға" дайын екенін білдірген еді. Мұндай мәлімдеме АҚШ президенті Джо Байденнің Тайваньды қорғау үшін америкалық армияны пайдалану туралы уәдесіне жауап ретінде жасалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!