14 қыркүйекте Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйекте елімізге Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді.
Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!